{metadescription}
Солтүстік Қазақстанда жас полицей өз-өзіне қол жұмсады

Солтүстік Қазақстанда жас полицей өз-өзіне қол жұмсады

Марқұмның әріптестері суицид фактісін растады, қазір тергеу жүріп жатыр, қызметтік тексеріс те басталды.

Солтүстік Қазақстан облысында 29 жастағы полицей өз-өзіне қол жұмсады. Қайғылы хабар сейсенбі күні өңірдің әлеуметтік желілерінде тарады. Онда марқұмның әріптесі полицейдің өз-өзіне қол салғанын және басшылығымен арада келіспеушіліктер болғанын айтты. Полицейдің өз-өзіне қол жұмсағанын полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"15 ақпанда Петропавлда Смирново аудан орталығының тұрғыны жалдамалы пәтерде өз-өзіне қол салды. Өзіндік қауіпсіздік басқармасы Аққайың аудандық полиция бөлімі қызметкерінің өліміне қатысты қызметтік тексеріс бастады," – деді полициядан.

Тергеу барысы облыстық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевтың жеке бақылауында. Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бапқа сәйкес, егер кінәлілер анықталса, олар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде