{metadescription}
Қазақстанда үйленгендердің 40% ажырасады

Қазақстанда үйленгендердің 40% ажырасады

БҰҰ-ның Қазақстандағы халық тұрмысы саласындағы зерттеулері біздің елімізде ажырасулардың саны жоғары қарқынмен өсіп келе жатқанын көрсетті.

Зерттеудің нәтижесіне сүйенсек, елімізде неке қидыру пайызы төмендеп, керісінще, ажырасу пайызы жоғарылап барады. 2013 жылдан бастап 2018 жылға дейін республика бойынша неке саны 18%, ең көбі Шығыс Қазақстан облысында – 28% төмендегені белгілі болды.

Солтүстік және шығыс облыстар, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары өзгелерден жиі ажырасады – бұл өңірлерде ажырасу деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен жоғары келеді. Ажырасу ең көп тіркелетін аймақ – республиканың оңтүстігі мен батыс өңірі.

Бұдан бөлек, Қазақстанда бала туу көрсеткіші 2014 жылдан бері төмендеп келеді екен. 2017-2018 жылдары туу көрсеткіші 2008 жылдардан бергі көрсеткіштермен салыстырғанда ең төмен болған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде