{metadescription}
Қазығұртта екі оқушы жанжалдасып, біреуі көз жұмды

Қазығұртта екі оқушы жанжалдасып, біреуі көз жұмды

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында екі оқушы төбелесіп, біреуі көз жұмды.

18 ақпан күні сағат 13:30 шамасында Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейі қазақ сыныбында оқитын екі бала арасында жанжал туындаған. Сосын біреуі екіншісін итеріп жіберген.

«Құлаған бала орнына тұрмаған соң екінші жасөспірім қорыққанынан үйіне қашып кеткен. Осы сәтте құлаған балаға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Дегенмен, жедел жәрдем қызметі келген соң оқушының қайтыс болғанын анықтады», - деп мәлім етті полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімі оқиға негізінде ҚР ҚК 104-бабы «Абайсызда қазаға ұшырату» бойынша іс қозғады. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Сараптама тағайындалған.

«Айта кетейік, ҚР ҚК 274-бабына сәйкес БАҚ-та немесе әлеуметтік желіде дәйексіз жалған ақпар таратқан тұлғаға қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - деп ескертеді полициядан.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде