{metadescription}
Австралияда жоғалған MH370 әуе кемесі туралы қорқынышты ақиқат ашылды

Австралияда жоғалған MH370 әуе кемесі туралы қорқынышты ақиқат ашылды

Үнді мұхитының үстінде жоғалып кеткен әуе кемесін алты жыл бойы іздеп таба алмады.

Малайзия билігі басынан бастап, 2014 жылы жоғалған MH370 рейсінің ұшқышы өз-өзіне қол жұмсағандығына сенімді болған, бұл жүздеген жазықсыз адамдардың өмірін қиды. Бұл туралы Австралияның бұрынғы премьер-министрі Тони Аббот мәлімдеді. 

"Менің түсінуім бойынша ... Малайзия Үкіметінің жоғарғы санаты... олар әу бастан-ақ бұл ұшқыштың өз-өзіне қол жұмсауы деп ойлаған. <...> Жоғары санаттағылар ұшқыштың өз-өзіне қол жұмсауынан, жүздеген адамның өмірі қиылды деген түсінік болғанын айтамын", - деді бұрынғы премьер-министр Sky News Australia сайтына.

Boeing 777-200 радар экранынан 2014 жылдың 8 наурызында жоғалып кеткен. Куала-Лумпур - Пекин бағыты бойынша MH370 рейсін Малайзия авиакомпаниясы жүзеге асырды. Бортта 227 жолаушы және экипаждың 12 мүшесі болған. Лайнер ұшқан соң 40 минут өткенде Оңтүстік Қытай теңізінде жоғалып кетті. Қосымша тергеу көрсеткендей, жоғалғаннан кейін авиациялық қозғалтқыштар ұзақ уақыт жұмысын тоқтатпай, жұмыс мәліметтерін жерге жіберіп тұрған.

 "Боинг" бағытын түбегейлі өзгертіп, 170 градусқа бұрылып, бірнеше сағат бойы Үнді мұхитының үстінен ұшуды жалғастырған. Бірнеше жыл бойы ұшақтың сынықтары мұхиттың әртүрлі бөліктерінен табылды, бірақ негізгі бөлігі әлі табылған жоқ. Тергеу сонымен қатар әуе кемесінің капитаны дәл осы рейс бағыты бойынша ұшу тренажерінде апатқа алып келетін жағдайды қарастырып, жаттыққан, кейін жаттығу деректерін жойып тастаған. Алайда, ФТБ қызметкерлері оларды қатты дискіде қалыпқа келтіріп, пилот ұшу тренажеріндегі симуляцияны өмірде де қайталаған деген күдік бар. 

Дереккөз: stan.kz

 

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде