{metadescription}
БҒМ «Астана» унивеситетін сотқа берді

БҒМ «Астана» унивеситетін сотқа берді

Білім және ғылым министрлігі «Астана» университетін сотқа берді.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған жағдайға «Астана» университетінің Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің тексеру жұмыстарына кедергі жасап, қажетті құжаттарды ұсынбауы себеп болған.

«Лауазымды тұлғаларға мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде кедергі жасау фактісі бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта тиісті материалдар соттың қарауына жіберілді», - делінген ресми хабарламада. .

Естеріңізге салайық, 2019 жылы «Астана» университеті білім беру жұмыстарына қатысты тәуекел дәрежесін бағалау нәтижелері бойынша жоғары дәрежеге ие болды. Осыған байланысты университет 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында профилактикалық бақылауға жататын білім беру ұйымдарының тізіміне енгізілді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде