{metadescription}
Семейде көпқабатты үй өртеніп, бір адам қаза тапты

Семейде көпқабатты үй өртеніп, бір адам қаза тапты

Семей қаласындағы Шүлбі кентінде бесқабатты тұрғын үйде өрт шығып, бір адам көз жұмған.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше түнде 101 нөміріне хабарласқан тұрғындар Шүлбі кентінде өрт шыққанын айтқан. №40 өрт сөндіру бөлімшесінің құтқарушылары бірден оқиға орнына аттанады. Анықталғандай, 2-ші ықшам аудандағы бесқабатты тұрғын үйдің бір бөлмелі пәтерінде өрт шығыпты. Ағаш жиһаз құрылымдарды шарпыған тілсіз жаудың жалпы аумағы - 4 шаршы метр.

«Подъезд ішін көк түтін тұмшалаған. Құтқарушылар 23 адамды эвакуациялады. Өрт сөндіру кезінде еденнен 1954 жылы туған үй иесінің жансыз денесі табылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қызыл жалын 22 сағат 38 минуттың ішінде толықтай ауыздықталды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығу себебі - мас күйінде темекі шегу немесе отты абайсыз пайдалану. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде