{metadescription}
Ақмола облысында 67 жастағы ер адам үсіп өлді

Ақмола облысында 67 жастағы ер адам үсіп өлді

Ақмола облысында боранды күні жолға шыққан елорда тұрғыны қаза тапты.

Полицейлер жоғалып кеткен астана тұрғынының денесін автокөлігінен бес километр жерден тапты. Болжам бойынша, 67 жастағы ер адам қар құрсауында қалып қойып, жақындағы ауылға жол іздеуге шыққан. Елорда тұрғынының Ақмола облысы Шортанды ауданы Новокубанка мен Белое Озеро ауылдарының арасында қалып қойғанын полицияға ер адамның танысы жеткізген. Оның айтуынша, 67 жастағы астана тұрғыны өзінің Nissan Patrol көлігімен жолға шыққан екен.

Тағы оқыңыз: Алматы маңындағы тауларға сырғанауға кеткен адамдар үсіп өле жаздады. Оны құтқару үшін арнайы іздестіру тобы жасақталды. Топ құрамына тәртіп сақшылары, құтқарушылар және жергілікті тұрғындар кірді. Арнайы техника мен қарда жүретін көліктер қолданылды. Жоғалған адам бейсенбі, 20 ақпан күні өлі табылды.

"Елорда тұрғынының денесі автомашинасынан бес шақырым жерден табылды. Алдын ала болжамға сәйкес, ол қарға батып қалғаннан кейін боранда жақын маңнан елді мекен табамын деп үміттеніп, көлігінен шығып кеткен", - деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде