{metadescription}
Әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз ұсталды

Әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз ұсталды

Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің арнайы жедел тобы сарбазды ұстау операциясын аяқтады, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Шымкентте қару-жарақпен әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз ұсталды.

"Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің арнайы жедел тобы қару-жарақ ұрлап, әскери бөлімнен өз еркімен кетіп қалған 1995 жылы туған әскери қызметші Балғынбай Абылай Бағдатұлын ұстады", - делінген хабарламада.

Қару ұрлау фактісі негізінде Қылмыстық кодекстің 291-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қару-жарақ, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлаған немесе бопсалап алғандар үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Қажетті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгін Шымкент маңындағы әскери бөлімдердің бірінен келісімшартпен қызмет еткен кіші сержант қашып кеткені белгілі болды. Қаруды сақтау бөлмесінде бірнеше қару жоғалған.

Желіде кезекшінің көмекшісі таңғы 4-те кезекшілік кезінде қару ұрлап, бөлімнен қашып кеткені туралы ақпарат тарады. Мәтінде "Перехват" жоспары жүргізіліп жатқаны айтылған. Әскери қызметші отыз АК-74, жиырма жеті 9 мм ПМ (Макаров тапаншасы), АК патроны (420), Макаров тапаншасының патроны - 48, ПМ травматикалық тапаншасын (1, 24 патрон) қолды еткен.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде