{metadescription}
Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Сот инспектор Ерлан Нұрғалиевті өлтірген, Петр Ницекті өлтіруге тырысқан үш ер адамды және бір топ заңсыз аң аулағандарды кінәлі деп таныды. 

Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сот Қайрат Ақшанов, Берік Ахметов және Нұрлан Шүкілдіковты Қылмыстық кодекстің үш бабы, соның ішінде кісі өлімі бойынша кінәлі деп таныды. Олар өмір бойына бас бостандлығынан айыру жазасына кесілді. Жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Бұл іске қатысты қалған тұлғалар - Берден Базаров, Батырбек Қайырбеков, Жарасхан Мырзабаев және Айдос Әкімов, заңсыз аң аулағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазаны орташа қауіпсіздік колониясында өтейді.

Барлық сотталғандар аң аулау құқығынан бес жылға айырылып, 20 және 30 АЕК көлемінде өтемақы төлеуге міндетті. Сонымен қатар, сот олардан 17 ақбөкенді өлтіргені үшін өтемақы ретінде 89 миллионнан астам теңге өндіріп алуға қаулы етті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде