{metadescription}
Алматыда оқушы іс-түссіз жоғалып кетті

Алматыда оқушы іс-түссіз жоғалып кетті

Алматыда 14 жастағы мектеп оқушысы іздестірілуде.

Жоғалып кеткен оқушы туралы ақпарат қалалық білім басқармасының Facebook парақшасында пайда болды. Күнту Шерхан Тұрмаханбетұлы 8 сыныпта оқиды. Ол 20 ақпан күні сағат 14:30 үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмаған.

Баланың ата-анасы полицияға кеше кешкі сағат 21-де хабарласқан. Баланы іздеп табу үшін арнайы топ құрылды. Оның құрамына ювеналды және криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар бар.

«Іздеу жұмыстарына волонтерлер де тартылды. Қазір қаладағы барлық сауда үйлері мен компьютерлік клуб қызметкерлеріне баланың суреті таратылды. Іздеу жұмыстары түнде басталды. Бала аман–есен табылады деген үміттеміз», - дейді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде