{metadescription}
Министр Қордайда ақсақалды ұрған адамның қандай жауапқа тартылғанын айтты

Министр Қордайда ақсақалды ұрған адамның қандай жауапқа тартылғанын айтты

Полицейлерге қол көтерген үш адам да қамауға алынды, таяуда қылмыстық іс сотқа жіберіледі.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қордайда қарт кісіге қол көтерген адамның қамауда отырғанын айтты.

"Ақсақал бойынша айтатын болсақ, оған қол көтерген азаматты ұстадық. Ол екінші күні ұсталған болатын. Қазір қамауда отыр. Медициналық сараптама аяқталғаннан кейін істі сотқа жіберетін боламыз", - деді Тұрғымбаев сенатта өткен үкімет сағатында.

Оның айтуынша, полицейлерге қол көтерген үш адам да қамауға алынды. Бір-екі аптаның ішінде қылмыстық іс сотқа жіберіледі. Әлеуметтік желілерде Масанчидегі жаппай тәртіпсіздікке қарияның соққыға жығылуы себеп болды деген әңгіме тараған болатын. Зардап шеккен қария мен екі ұлы Қордай ауданының Қаракемер ауылында тұрады.

Кейін Бас прокуратура Қордай ауданының полиция қызметкерлеріне зорлық-зомбылық жасау ісі бойынша тергеу аяқталғанын мәлімдеді. Тәртіп сақшыларына қол көтерген ағайынды үш жігіттің ұсталғаны белгілі болды. Айыпталушылар өз кінәсін толық мойындап, тергеу сотының санкциясымен қамауға алынған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде