{metadescription}
Коронавирустен құлан таза айығып шыққан азамат ауруға қайта шалдықты

Коронавирустен құлан таза айығып шыққан азамат ауруға қайта шалдықты

Қытайдың оңтүстік-шығысында ер азамат коронавирус дертінен жазылып шығып, біраз уақыттан кейін қайтадан сол ауруға шалдыққан.

Сырқаттанған ер адам Чэнду қаласындағы ауруханалардың біріне жатқызылыпты. Бұған дейін ол басқа ем қабылдау орталығынан сауықты деп, үйіне жіберіліпті. Алайда көп ұзамай ол коронавируске қайта тап болыпты. 

"Қазір оның ауруды басқа кімдерге жұқтырғаны белгісіз. Сараптама қорытындылары дайындалуда", - деп мәлімдеді жергілікті денсаулық сақтау басқармасы. 

Азаматтың ауруды қайта жұқтырғаны 19 ақпанда анықталған. Бұған дейін ол карантинге жатқызылып, ем алып шыққан. Бұған дейін коронавирус Қытайдың бірнеше түрмелерінде тарап кеткені жайлы айтылған еді

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

04 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.