{metadescription}
ШҚО-да жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам ауруханада

ШҚО-да жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам ауруханада

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысты.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 20 ақпан күні Глубокое ауданындағы «Өскемен-Шемонаиха» тасжолының 6-шы шақырымында болған. Анықталғандай, Глубокое кентіне қарай бара жатқан KIA Soul маркалы автокөліктің 30 жастағы жүргізушісі алдындағы көлікті басып озбақ болып қарсы жолаққа шыққан. Алайда рульге ие бола алмай қалып, бірінші сол көлікпен, кейін қарсы бағыттағы КамАЗ-бен бетпе-бет соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан KIA Soul көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 345-бабы, 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде