{metadescription}
Ақтөбеде атыстa оқ тиген 5 адам ауруханаға жеткізілді

Ақтөбеде атыстa оқ тиген 5 адам ауруханаға жеткізілді

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында атыс кезінде бес адам жараланды.

20 ақпан күні сағат 22:10-да Хромтау аудандық ауруханасына оқ жарақатын алған 5 адам жеткізілген.

«Жедел тергеу тобы құрылып, үш күдікті ұсталды. Олар бар кінәны мойындады. Күдіктілер адамдарды атқан соң 16 калибрлі екі аңшы мылтығын Бөгетсай ауылы маңындағы Ор өзенінің көпір астына жасырып қойған. Ваз-2114 маркалы ресейлік нөмірлі көлік пен екі қару тәркіленді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіруге оқталу» бабымен іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалды. Оқиғаның себебі анықталуда. Күдіктілер уақытша тергеу изоляторына қамалды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде