{metadescription}
Қуат Хамитовтың басы бәлеге қалды

Қуат Хамитовтың басы бәлеге қалды

Қазақстанның бірнеше қаласында азаматтарды алдап соққан "Гарант 24" ломбардының басшылары ұсталды.

Әлеуметтік желі қолданушылары қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитовтан "Гарант 24" ломбардын жарнамалағаны үшін түсініктеме беруді талап етті.

"Ақша кез келген адамды сөйлетеді екен. Ломбард 24 жарнамасына түсіп, қанша адамды сендіріп, енді үнсіз отыру дұрыс емес!!!", – деп ашуланып жатыр желі қолданушылары.

Десе де "Найманға" араша түскендер де бар.

"Қуат сендерді сүйреп апарғандай сол жерге, ол белгілі тұлға ретінде жарнама жасады. Білсе, ол да жасамас еді. Тікелей Қуатқа хабарласып, салайық па деп сұрадыңдар ма? Жоқ, әрине. Сондықтан өз қателіктерің үшін өздерің жауап беріп үйреніңдер", - дейді желі қолданушылары.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.