{metadescription}
Ақтауда сарбаздың 50 жыл бұрын жазған хаты табылды

Ақтауда сарбаздың 50 жыл бұрын жазған хаты табылды

1969 жылы жазылған хатты Ақтау қаласының тұрғыны Асан Қаражігітов тауып алған.

Ол гаражды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Хатта бес сарбаздың аты-жөні көрсетілген. 40244 әскери бөлімшесіндегі Виктор Сидельников, Анатолий Агафонов, Валерий Симахин, Геннадий Захаренко, Владимир Зубченко бұл гаражды 1967 жылы өздерінің тұрғызғанын жазған. Асан Қаражігітовтың айтуынша, хат былтырғы жылдың ақпан айында табылған. 

«Біз бұл хатты кітаптың арасына салып қойған едік. Содан бері ұмытып кетіппіз. Осыншама жылдан кейін хаттары табылғанын сол кісілер білсе екен деймін. Осы хат арқылы бір-бірін тауып, Маңғыстауда әскерде болғандарын еске алар», - дейді Асан Қаражігітов.

2018 жылы Челябинск қаласындағы №3 перзентханадан арақ бөтелкесінің ішінен 1980 жылы 16 қазанда жазылған хат табылған. Хаттың авторы ет жетіспеушілігін айтып, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Орталық Комитеті хатшысы Леонид Брежневке шағымданған, деп жазады stan.kz. 

«Бесінші дәрежелі ағаш ұстасының жалақысы 180-200 рубль айына. Азық-түліктің бағасы қалыпты болғанымен, етті жылына бір рет ғана жейміз. Біздің басшы Брежнев барлығын шетелге: Камбоджа, Үндістан, Иран және Кореяға жібереді. Өмір сүру оңай емес. Әлем тыныш емес. Соғыс, соғыс...», - делінген хатта. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде