{metadescription}
Танымал актер бала-шағасына бір тиын да қалдырмаған

Танымал актер бала-шағасына бір тиын да қалдырмаған

104 жасында қайтыс болған америкалық актер Кирк Дуглас жиған-терген ақшасының бәрін қайырымдылыққа аударуды тапсырды.

Голливудтың "алтын дәуіріне" енген актердің 80 миллион долларға жуық ақшасы қайырымдылық қорына аударылды. Қордың бенефициары – Кирк пен Анна Дугластың балалар орталығы, Кирк Дуглас атындағы театр және Лос-Анжелес қаласындағы балалар ауруханасы. Бұдан бөлек, ақшаның бір бөлігі Нью-Йорк қаласындағы әулие Лаврентий университетіне аудырылатын болды.

Осылайша, Кирк Дугластың балалары – актер Майкл Дуглас, кинопродюсер Джоэль Дуглас және телепродюсер Питер Дуглас мұрасыз қалды. Алайда Майкл Дугластың жағдайы жаман емес. Оның дәулеті 300 миллион долларға бағаланып отыр.

Айта кетейік, Кирк Дуглас 5 ақпанда қайтыс болған. Актер "Спартак", "Чемпион", "Өмірге деген құштарлық" және тағы басқа фильмдер арқылы танылды. Дугластың өнерін талай рет атап өткен. Ал 1996 жылы оған кинематографтағы жоғары жетістіктері үшін "Оскар" сыйлығын тапсырды. Актер ондаған роман мен мемуардың жазып шықты.

Дереккөз. Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде