{metadescription}
Рудныйда екі әйелді өлтіріп кеткен

Рудныйда екі әйелді өлтіріп кеткен

Рудный полициясы екі әйелді өлтірді деген күдікпен 39 жастағы ер адамды ұстады.

Ақпаратты облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Кенже Қонысбай растады.

«Оқиға 21 ақпан күні болған. Рудный қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, 68 жастағы әпкесінің телефон қоңырауына жауап бермейтінін айтқан. Кейін оның 34 жастағы туысы жоғалып кеткені анықталды. Іздеу шаралары барысында кеше екі әйелдің де денесі табылды. Осы іс бойынша 39 жастағы күдікті қолға түсті»,- деді Кенже Қонысбай агенттік тілшісіне.

Бір күн бұрын, 23 ақпанда, бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған Рудный қаласының 39 жастағы тұрғыны ұсталған. Қазір ол қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде