{metadescription}
Қарағандыда ерлі-зайыпты қыздарын зорлап келген

Қарағандыда ерлі-зайыпты қыздарын зорлап келген

Қарағандыда қызды зорлаған өгей әкесі мен туған анасы сотталды.

Қарағанды қаласының тұрғыны азаматтық некедегі күйеуіне 13 жастағы қызын зорлауға мүмкіндік берген және өзі де қылмысқа қатысқан. Ауданаралық соттың мәліметіне сәйкес, қызға бір жыл бойы зорлық көрсетілген. Оқиға туралы қыздың өзі таныстарына айтқанға дейін ешкім білмеген. Осыдан кейін, ақпарат бірден құқық қорғау органдарына хабарланған.

Ерлі-зайыптылар тұтқындалды. Сарапшылар 2006 жылы туған қызға қатысты азғындық пен зорлық жүйелі түрде жасалғанын анықтады. Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, зорлық-зомбылық 2019 жылы болған. Арнайы соттың судьясы жәбірленушіні шақырып, сот залында тағы да жауап алуды жөн көрмеген.

Ерлі-зайыптыларға қылмыстық кодекстің 312-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес ("кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды дайындау") айып тағылды. Судья Қайрат Қасымов жәбірленушіні сот залына қайта шақырған жоқ. Қызға психологиялық жағынан қиын болмау үшін оның бұған дейін берген түсініктемесі есепке алынды.

Іс қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігі ("зорлау, жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау), 120-бабы 4-бөлігі ( "кәмелетке толмаған жәбірленушіге қатысты зорлық жасау" және 312-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес ("кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды дайындау") қаралды.

Қыздың өгей әкесі 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Анасы 16 жылын түрмеде өткізеді. Сотталғандарға қосымша жаза ретінде өмір бойы педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде