{metadescription}
Бір топ ер адам Алматыда қызды алып қашқан

Бір топ ер адам Алматыда қызды алып қашқан

Кездейсоқ куәгер болған алматылық әйел ұрлау әрекеті туралы полицияға хабарлады.

Қызды ұрлаудың ұйымдастырушысы мен қатысушылары қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Байқампаз алматылық әйел Юлия "Автосити" сауда орталығының маңында біреудің ұрланғанына куә болды. Ол ұрлаушыларды тоқтатуға тырысты, бірақ нәтиже болмай, машинаның нөмірін есіне түсіріп, полиция шақырды.

"Кешкі сағат 21.30 шамасында сауда орталығына кіре берісте бір топ ер адамдарды байқадым. Содан біраз у-шу болып кетті, қыз айқайлады. Мен олардың екеуінің оны ұстап алып, көлікке күштеп итермелеп жатқандарын көрдім, ал қалғандары жақын жерде тұрды. Мен көлікке қарай жүгіре бастадым, бірақ олар есікті жауып алып, жүріп кетті. Мен нөмірді есіме сақтап алдым. Қалған жігіттер: "Бәрі дұрыс, бұл дәстүр, олар үйленуге кетті", - деді. Мен қатты ашуландым, мұндай "дәстүрлердің" салдарынан қыздар өз-өзіне қол жұмсайды", - деді Юлия.

Ол полицияға қоңырау шалып, операторға көлік нөмірін, түсін айтып, жағдайды айтып берді. Полиция куәгерлердің хабарлауынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, оның барысында қыздың жеке басы анықталды, ол өз кезегінде бейтаныс ер адам оны "ұлттық дәстүрге сай ұрлап әкеткенін" хабарлады.

"Қыз келісімін бермей, өз бетінше кетіп қалды. Күдіктінің жеке басы да анықталды. Ол бірнеше сағат ішінде ұсталып, оны жауапқа тарту мәселесі қаралмақ. Бұл факті бойынша тергеу жалғасуда", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дереккөз: Stan.kz


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде