{metadescription}
Алматы облысында азамат үйінде марихуана өсіріп келген

Алматы облысында азамат үйінде марихуана өсіріп келген

Алматы облысының полицейлері есірткі зертханасын ауыздықтады.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел ақпарат бойынша Іле ауданының А. есімді тұрғыны есірткі затын шығарып, таратумен айналысқанын анықтады. Жедел-іздестіру кезінде сараптама актілерімен белгіленген «марихуана» есірткі заты бар 8 сіріңке қорабы тәркіленді. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген.

«Санкцияланған тінту кезінде Іле ауданының 47 жастағы азаматының үйінің екінші қабатынан «марихуана» өсіріп, дайындап, тарататын зертхана табылды. Үйдің екінші қабаты микроклимат құру мақсатында күн батареяларының көмегімен қосымша жылытылған. Тінту барысында салмағы 26 кг жуық 47 бұта, 295 орама және салмағы 8,5 килограмм дайын екі қап «марихуана» табылды және тәркіленді. Есірткі өсіру, аса ірі мөлшерде дайындау және сақтау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 300-бабының 1-бөлігі, 296-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәсін мойындаған күдікті уақытша қамаққа алынды», – деп хабарлайды Алматы облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Қазбек Мұхамедов.

Дереккөз: Polisia.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.