{metadescription}
Миына ота жасалып жатқанда скрипка тартқан науқастың видеосы тарады

Миына ота жасалып жатқанда скрипка тартқан науқастың видеосы тарады

Музыкант әйел операция кезінде скрипка тартып жатқан.

Миға жасалған ашық операцияның видеосы The Guardian сайтының YouTube арнасында жарияланды. Лондондағы Корольдік колледж ауруханасында 53 жастағы музыканттың миына операция жасалды. Науқас операция кезінде скрипка тартып жатты.

"Медициналық топ 53 жастағы науқастан ота кезінде аспапта ойнауын сұраған. Сол арқылы қолдың қимылы мен координациясын басқаратын ми бөліктеріне зақым келмеуін бақылауды ойлаған", - делінген сипаттамада.

Скрипкашы Дагмар Тернерге 2013 жылы мида ісік бар деген диагноз қойылған. Операция 2019 жылдың 31 қаңтарында жасалды. Нәтижесінде дәрігерлер мидағы ісікті алып тастады.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.