{metadescription}
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды

Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды

Әлемдегі ең қарт адам Ватанабэ Титэцу 112 жасында қайтыс болды. 

Ол Ниигата префектурасындағы қарттар үйінде көз жұмды. 12 ақпанда Ватанабэ Титэцу Гиннесс рекордтар кітабына Жердің ең қарт тұрғыны ретінде кірді. Ватанабэ 1907 жылы 5 наурызда шаруа отбасында дүниеге келген және 20 жасында Тайваньға көшіп, онда 18 жылын өткізген. Кейіннен Жапонияға қайта оралған.

Ватанабэге дейін Хоккайдо аралында тұратын Масадзо Нонака әлемдегі ең қарт адам саналған. Ол 2019 жылы 20 қаңтарда 113 жасында көз жұмды. Соңғы кезде Ватанабэ қарттар үйінде тұрған. Орталық қызметкерлерінің айтуынша, денсаулығы жақсы болыпты. Ватанабэнің бес баласы, он екі немересі, он алты шөбересі және бір шөпшегі бар.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.