{metadescription}
Алматы мен Нұр-Сұлтанда өткен митинг кезінде 53 адам ұсталды

Алматы мен Нұр-Сұлтанда өткен митинг кезінде 53 адам ұсталды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осы жылдың 22 ақпанында бірнеше қалада болған митинг кезінде 53 адамның ұсталғанын мәлім етті.

«22 ақпанда Бас прокуратураның бірнеше мәрте жасаған ескертуіне қарамастан кей азаматтар санкцияланбаған митингіге шықты. Сол себепті құқық қорғау органдарының күшімен қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу шаралары қабылданды. 53 адам ұсталды. Оның 10-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 43 азамат профилактикалық тілдесуден кейін үйіне қайтарылды», - деді Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысынан кейін тілшілерге.

Министрдің айтуынша, ұсталғандардың көбі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан болып отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.