{metadescription}
ІІМ Шымкентте сарбаздың қаруды қалай ұрлағанын айтып берді

ІІМ Шымкентте сарбаздың қаруды қалай ұрлағанын айтып берді

ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов Шымкентте қашқан сарбаздың қаруды қалай ұрлағанын айтып берді.

"Расында да біраз уақыт бойы қарулар ұрланып келген. Жедел тергеу тобы ҰҚК мен ІІМ өкілдерімен бірігіп, қарумен қашқан сарбазды ұстады. Қарулар тәркіленді. Қаңтар айының соңынан ақпан айының ортасына дейін сарбаз қару сақталатын жерден ұрлап жүрген, 1-2 қарудан алып кетіп жүрген. Кейін бұл қылмысқа достарын тартқан. Қарулардың басым бөлігі 20 ақпанға қараған түні ұрланған", - деді Санжар Әділов.

Қашқан әскери қызметкер мен оның достары 29 автомат, 28 пистолет және екі пышақты сатқысы келген. Сарбаз 120 мың теңгеден екі тапаншаны сатып үлгерген. Ал қалған қаруды оның достары сақтаған дейді.

Естеріңізге сала кетейік, әскери бөлімнен сержант қару ұрлап қашып, кешкісін ұсталған болатын.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.