{metadescription}
Кішкентай қыз пойыз астына құлап кетті

Кішкентай қыз пойыз астына құлап кетті

Кішкентай бала пойыз бен платформа арасындағы қуысқа сырғып кетті.

Ол вагон астынан аман-есен шығарылды. Австралияның Сидней қаласындағы теміржол станциясында кішкентай қыз пойыз бен платформа арасындағы саңылауға түсіп кетті. Бала құтқарылды. Қыз пойызға кірер сәтте вагон мен платформа арасындағы қуысқа құлап кетті. Машинист бұл туралы жедел түрде хабарланғандықтан, пойыз орнынан қозғалған жоқ.

Қолында сәбиі мен бесік арбасы болған баланың анасы шошып қалған. Ал үш ер адам вагондардың астынан қызды іздеуге кіріскен. Бала табылып, пойыз астынан шығарылды. Ол анасына тапсырылды. Атап өтсек, пойыз бен платформа арасындағы саңылау – Австралиядағы үлкен проблемалардың бірі. Ол әртүрлі станцияда әртүрлі, бір жерде үлкен, екінші жерде кішкентай болуы мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде