{metadescription}
96 жасында әке атанған ер адам төсекте темекі шегіп, қайтыс болды

96 жасында әке атанған ер адам төсекте темекі шегіп, қайтыс болды

Әлемдегі ең қарт әке атанған Үндістанның Харход қаласының тұрғыны төсекте темекі шеккендіктен қайтыс болды.

104 жастағы Рамжет Рагав әлемдегі ең қарт әке атағын 2010 жылы 60 жастағы әйелі Шакунтала Викрамжет есімді ұлын туғанда алды. Ал 2012 жылы ол рекордын жаңартты, бұл уақытта екінші ұлы Ранджит дүниеге келді. 2013 жылы үлкен ұлы жоғалып кеткен. Баланы Шакунталы ауруханаға апарып, орындықта ұйықтап қалған кезде ұрлап кеткен. Алты айдан кейін әйелі кіші баласын алып, Рагав үйде болмаған кезде кетіп қалған. Стресске байланысты Рагав тамақтана алмады. Ол балаларды сағынып, "осылай өмір сүргеннен гөрі өлген дұрыс" деп жиі айтқан.

2020 жылы 11 ақпанда Рагавтың көршісі Сабодх көмекке шақырған дауысты есітіп, оның үйне қарай жүгіреді. Ғимараттан түтін шыққан. Сабодх үйге жүгіріп кіріп, өрттің арасында қалған көршісін көреді. Белгілі болғандай, Рагав кереуеттің үстінде темекі шеккен уақытта абайсызда төсек жапқышты жандырып алған, ол өртке себеп болған.

Көршісі Рагавқа тез су шашып, оны ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, басқа медициналық мекемеге жіберді. Келесі күні күйіктердің салдарынан Рагав көз жұмған. Ол 13 ақпанда жерленді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде