{metadescription}
Бомба қойылды деп жұртты әбігерге салған петропавлдық көшенің қарын күреп жүр

Бомба қойылды деп жұртты әбігерге салған петропавлдық көшенің қарын күреп жүр

Петропавлдағы көпқабатты үйлердің біріне жарылғыш зат қойылғандығын хабарлап, тұрғындар мен арнайы қызметтерді әбігерге салған петропавлдық жазасын өтей бастады.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр қазан айының соңына қарай 32 жастағы қала тұрғыны полиция қызметіне көпқабатты тұрғын үйге бомба қойылғанын хабарлаған. Оқиға орнына арнайы қызмет мамандары жұмылдырылып, 100 тұрғын, араларында балалар да бар, қауіпсіз жерге шығарылды. Саперлер, кинологтер иісшіл итпен үйді толық тексеріп шықты, жарылғыш табылмады. Полиция жұртты дүрліктірген жалған террористі бірден анықтады.

1987 жылғы Петропавл тұрғыны ұсталған кезде мас болған. 17 қаңтар күні сот жалған террористі кінәлі деп тауып, екі жылға бас бостандығын шектеді және 100 сағатқа мәжбүрлеп еңбекке тарту жазасын кесті. Ақпан айында үкім заңды күшіне енді.

«Террорлық акт туралы жалған хабарлама таратқандарға жауапкершілік қарастырылған. ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабында айыппұл салудан бастап 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қылмыстық жауапкершіліктен арнайы сараптама психикалық ауытқушылығы бар екенін көрсеткенде ғана босатылады. Алайда, онда мәжбүрлі түрде емделетін болады», - дейді СҚО Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Мұхамбетжанов.

Ал жазаға тартылған Петропавл тұрғыны 2022 жылға дейін пробация қызметінің рұқсатынсыз қала аумағынан шыға алмайды. Кешкі сағат 19:00-ден таңғы 8:00-ге дейін үйінде болуға міндетті. Ал күндіз көше сыпырып, қар тазалайды. 2018 жылы СҚО полицейлері жарылғыш заттың қойылғандығы туралы 10 жалған хабарлама алса, былтыр осындай 3 дерек тіркелген.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде