{metadescription}
ШҚО-да қар кешетін көлік аударылып, 8 жасар қыз көз жұмды

ШҚО-да қар кешетін көлік аударылып, 8 жасар қыз көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында қар кешкіш аударылып түсіп, 8 жасар қыз қаза болды.

«Ақпан айының 5-і күні Малоубинка ауылының 35 жастағы тұрғыны елді мекеннің шетінде қар кешкіш көлікпен келе жатып, аударылып қалған. Осының салдарынан дене жарақатын алған 2012 жылы туған қыз оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалған. Тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде