{metadescription}
Қордай ауданының тұрғындарынан бір килограмм героин табылды

Қордай ауданының тұрғындарынан бір килограмм героин табылды

Күшті есірткі затын сатуды жоспарлаған ер адамдар он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қордай ауданының екі тұрғынынан бір килограмнан астам героин табылды. Ер адамдар уақытша ұстау абақтысына қамалды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері рейд барысында 45 және 42 жастағы ер адамдардың үйін тінтіді. Біреуі есірткіні жазғы ас үйде, екіншісі үйінде сақтаған.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-тармағы (Есірткі заттарын заңсыз сақтау, жіберу немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәлілер он жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде