{metadescription}
Ломбардтарды жарнамалаған әртістер мен блогерлер заң алдында жауап береді

Ломбардтарды жарнамалаған әртістер мен блогерлер заң алдында жауап береді

Қазақстанда танымал эстрада жұлдыздары мен блогерлерден мыңдаған "салымшыны" алдап соққан ломбардтар туралы іс бойынша жауап алынады.

Даулы ломбардтардың қызметін жарнамалаған Қазақстандағы танымал тұлғалардан полиция жауап алады. Бұл туралы мәжіліс кулуарында Қазақстан ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді. Оның айтуынша, эстрада жұлдыздары мен блогерлерден жауап алу жақын арада басталады.

"Жарнама туралы заңға сәйкес жауапкершілік қарастырылған. Бірақ бұл жауапкершілікті де анықтау керек. Біздің шоу-бизнес, эстрада жұлдыздарымыз қылмыстық іс-әрекетті жарнамалай отырып, ақшаны алдап алу мақсатында құрылған қылмыстық ұйымдардың жұмысын жарнамалайтынын білуі тиіс", - деді Санжар Әділов.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде