{metadescription}
Нұр-Сұлтанда және бірнеше өңірде екінші ауысымдағы оқушыларға сабақ болмайды

Нұр-Сұлтанда және бірнеше өңірде екінші ауысымдағы оқушыларға сабақ болмайды

Кеше жауған жаңбырдан кейін тасжолдар мен қала көшелерін көк мұз басты.

Күшті жел де ауа-райын нашарлатты. Қазақстанның бірнеше өңірінде оқушылар үшін сабақ тоқтатылды. Қазақстанның бірнеше өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының нашарлауына байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды. Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының мәліметінше, 27 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды. Сондай-ақ, Теміртау мен Қарағандыда бірінші және екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды.

Семейде бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары, сонымен қатар колледждердің 1-2 курс студенттері оқымайды. Сабақтар жауын, жел мен көктайғаққа байланысты тоқтатылды. Курчатов қаласына да сабақ болмайды. Қостанай облысында бірінші ауысымның 0-7 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды. Қарлы боран мен желдің салдарынан өңірде жолдың көрінуі нашарлады.

Павлодарда көктайғақ пен желдің салдарынан 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды. Жаңбырдан кейінгі көктайғақтың салдарынан Петропавлда 1-ден 11-ге дейінгі сыныптарға сабақ тоқтатылды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

10 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде