{metadescription}
«Astana LRT» компаниясының атауы өзгерді

«Astana LRT» компаниясының атауы өзгерді

Компанияның жаңа атауы елордада өткен қоғамдық көлікті дамытуға арналған конференцияда таныстырылды.

Бүгіннен бастап «Astana LRT» компаниясының атауы өзгерді. Компанияның жаңа атауы қоғамдық көлікті дамытуға арналған конференцияда таныстырылды. «Astana LRT» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Егенбердиновтің айтуынша, компанияға ребрендинг жасап, атауын «City Transportation Systems» деп өзгертуге шешім қабылданды.

«Қала басшылығы компания атауын өзгерту туралы шешім қабылдады. Біз барынша ыңғайлы және компания қызметіне сай келетін атау іздедік. Сөйтіп, «City Transportation Systems» деген атауды таңдадық. Аудармасы - қалалық көлік жүйелері», - дейді Егенбердинов.

Оның сөзіне қарағанда, логотипке жасыл түс те әдейі таңдалды. Себебі компания жасыл технологияларды дамытуға мүдделі. Осылайша, бүгіннен бастап «Astana LRT» ЖШС «CTS» (City Transportation Systems) компаниясы деп аталады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.