{metadescription}
Инсульт қауіпін не жоғарылататыны белгілі болды

Инсульт қауіпін не жоғарылататыны белгілі болды

Инсульт қауіпін жұмыртқа жоғарлатады, ал жеміс-жидектер мен көкөністер, ірімшік керісінше, қауіпті төмендетеді.

Инсульттың алдын-алу үшін диета ұстау керек дейді ғалымдар. European Heart Journal -да жарияланған зерттеуінде инсульттың негізгі екі түрі және оған қандай азық-түліктердің байланысы бар екені айтылды.

"Еуропаның 9 мемлекетіндегі 418 мың адамды бақылаған зерттеушілер жеміс-жидек пен көкөністер инсульт қауіпін төмендететінінін айтты", - деп жазады зерттеудің авторы.

Зерттеуде жұмыртқаны көп тұтыну инсульт қаупін арттыратыны жазылған. Ғалымдар зерттеуге қатысқан адамдарды 12 жыл бойы бақылаған.

"Күніне артық 20 грамм жұмыртқа жеу инсульттың болу мүмкіндігін жоғарылатады", - делінген зерттеуде.

Зерттеудің авторы, Шеффилд Университетінің кардиология профессоры Пол Эванстың айтуынша, қауіптің артуы немесе кемуіне тек тамақтану емес, әлеуметтік экономикалық факторлар да әсер етуі мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде