{metadescription}
Тоқаев маңызды мәселеге қатысты тапсырма берді

Тоқаев маңызды мәселеге қатысты тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тұрғындардың денсаулығын қоршауға қатысты шаралар қолдануды тапсырды

Жуырда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, елде коронавирустың алдын алу шараларының қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы мемлекет басшысына есеп берген болатын. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті. Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды", - депті Тоқаев. 

Министр елге коронавирустың келуі мүмкін екенін жасырмады. Ол тұрғындарды дүрбелеңге жол бермеуге шақырып отыр. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.