{metadescription}
Алматының «Арбатында» адам пышақтаған жігіт сотталды

Алматының «Арбатында» адам пышақтаған жігіт сотталды

Алматы қаласындағы «Арбат» алаңында адам пышақтаған күдіктіге қатысты сот үкімі шығарылды.

Қылмыстық іс Алмалы аудандық сотында қаралды. Іс материалдарына сәйкес 2019 жылдың маусымында «Арбат» алаңында топ болып тұрған жастар арасында сөз дауы пайда болған. Күдікті жәбірленушімен ерегесіп қалып, қайта айналып келіп оған пышақ салған. Соның кесірінен жәбірленушінің кеуде қуысы көкеті жарақатталып, бауырының сол жақ бөлігі тілініп кеткен.

Ол бірнеше апта ауруханада жатты. Сотталушы өзінің іс-әрекетін мойнына алып, істегеніне өкініш білдірді. Судья оны ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлімі бойынша айыпты деп тауып, 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде