{metadescription}
8 наурызда әйелдерге ақша берілетін болды

8 наурызда әйелдерге ақша берілетін болды

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, Түркіментстанның қыз-келіншектеріне ақша берілетін болды.

Бұл туралы сол елдің президенті Гурбангулы Бердымухамедов 27 ақпанда өткен үкімет отырысында экономика және қаржы вице-министріне тапсырма берді. Ол 60 манат (нарықтық курспен есептегенде шамамен 3 доллар) ақшалай сыйақы табыстау туралы бұйрық берді.

Бұл сыйақыны жұмыс істейтін әйелдер, студенттер, зейнетақы мен жәрдемақы алатын әйелдер алады. Балабақшаға бармайтын бүлдіршін қыздар мен 3 жасқа дейінгі балалары жоқ жұмыссыз әйелдер (балалар жәрдемақысын алмайтын) сыйлықтар алмайды. Себебі оларға қаражат  жалақы, жәрдемақы немесе зейнетақы беретін ұйымдардың бюджетінен бөлінуі тиіс.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде