{metadescription}
Көкшетауда 33 жастағы ер адам үйінде көз жұмды

Көкшетауда 33 жастағы ер адам үйінде көз жұмды

Көкшетауда 33 жастағы ер адам дәмхана иесінің қолынан көз жұмды.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыс ақпанның 25-де жергілікті дәмханалардың бірінде болған. Қалалық ПБ кезекшілік бөліміне жедел жәрдем стансасының фельдшері хабарласып, 1987 жылғы ер адамның үйінде көз жұмғаны туралы айтқан. Ер адамның мәйітін тексеру кезінде оң жақ қабағы жарылып, мұрын тұсында соққының ізі байқалды.

«Жедел іздестіру шарасы кезінде тәртіп сақшылары ер адамды жергілікті дәмханалардың бірінің иесі соққыға жыққанын анықтады. Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 106-бабының 3- бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, тиісті сараптама тағайындалды. Күдіктіні ұстау бойынша шарасы қолға алынды», - дейді ведомстводан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде