{metadescription}
Коронавирус Беларусь еліне жетті

Коронавирус Беларусь еліне жетті

Бакуден Беларуське барған Иран азаматы коронавирус жұқтырған болып шықты.

Студент инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Беларусь елінде коронавирус жұқтырудың алғашқы оқиғасы тіркелді. 

"Республикалық эпидемиология және микробиология ғылыми-практикалық орталығында 27 ақпанда жасалған сынақ нәтижесі Бакуден келген студенттердің бірі коронавирус жұқтырғанын көрсетті. Иран азаматы елге 22 ақпан күні ұшып келген", - деп жазылған ведомствоның ресми сайтында.

Министрліктің мәліметінше, студент және онымен байланыста болғандар Минск инфекциялық ауруханасының жабық орталықтарына жатқызылған. Ал науқастың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Қазіргі кезде ел аумағында коронавирустың таралуына қарсы санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізіліп жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

04 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.