{metadescription}
Ақтауда жүкті әйелдің жүрегіне ота жасалды

Ақтауда жүкті әйелдің жүрегіне ота жасалды

Маңғыстау облыстық ауруханасында жүрек дертіне шалдыққан, жүктілігі 37 аптадан асқан әйелге күрделі ота жасалды.

Облыстық аурухананың дәрігерлері аяғы ауыр келіншекті ультрадыбыспен зерттеу кезінде аталған диагнозды қойған болатын. Ақ халатты абзал жандардың алдында ана мен өмірге әлі келмеген сәбиді аман алып қалу міндеті тұрды. Маңғыстау облыстық ауруханасы жүрек-қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінің кардиохирургі Альберт Абұлхасовтың айтуынша, жүкті келіншектің өкпесінің ісіп кетуіне байланысты оның демалуы қиындай түскен.

Бүйрегі мен бауырыны ауырып, жағдайы дәрігерлердің көз алдында нашарлаған. Дәрігерлер өзара ақылдаса келе, кесарь тілігін жасауға бел буған. Ота сәтті жасалған соң өмірге дені сау ер бала келді. Ал анасының қос жармалы қақпақшасы тарылғасын протездеу қажеттігі туындап, ашық түрде жүрекке ота жасауға тура келді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

08 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде