{metadescription}
Коронавирусқа байланысты жұма намазға баруға тыйым салынды

Коронавирусқа байланысты жұма намазға баруға тыйым салынды

Коронавирусқа байланысты Тегеранда адамдардың жұма намазға жиналуына тыйым салынды.

Елде вирус жұқтырғандардың саны 245-ке жетті, арасында әйелдер және отбасы істері бойынша вице-президент Масуме Эбтекар да бар. Осыдан кейін Эбтекардың ұжымындағы барлық үкімет мүшелері вирусқа тест тапсыра бастады. 25 ақпанда COVID-19 вирусын Иранның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ирадж Харирчи да жұқтырып алғаны анықталған.

Ресми ақпаратқа қарағанда, Иранда соңғы бір тәулікте қаза болғандар 26-ға жетті. Бұл коронавирустан Қытайдан кейін ең көп адам көз жұмған ел. Коронавирус COVID-19 түрі Қытайдың Ухань қаласында қаңтар айында тіркелді. Эпидемияға байланысты қала карантинге жабылды. Қазір коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 82 мыңнан асты. Қаза болғандардың саны үш мыңнан асты. Соңғы мәліметтерге қарағанда, коронавирус 46 елде тіркелді.

Дереккөз: centralasian.org


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

10 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.