{metadescription}
Қытайлық дәрігерлер коронавирустан көз жұмған науқастың мәйітін зерттеді

Қытайлық дәрігерлер коронавирустан көз жұмған науқастың мәйітін зерттеді

Қытайлық дәрігерлер коронавирустан қайтыс болған адамның мәйітін зерттеген.

Аупопсия нәтижелері Journal of Forensic Medicine журналында жарияланған. Патологиялық зерттеу көрсеткендей, COVID-19 вирусы ең алдымен адамның өкпесіне әсер етеді. Вирустың басқа мүшелерге әсер ететіндігі әлі дәлелденбеген.

Денесін сарапшылар тексерген науқас 1 қаңтарда ауруханаға бірнеше бас ми инфарктімен түсті. Бұл Ухань қаласының 85 жастағы тұрғыны еді. Аураханаға жатқызылған кезде оның дене қызуы көтерілмеген, жөтелі жәні басқа да белгілер болмаған. Ауруханада жатқанына 10 күн өткен соң оның тамағы қышып, қызуы көтерілген. Компьютер томографиясы екі өкпесінде де инфекция барын анықтаған.

Он үшінші күні қарияда коронавирус расталған.  20-күні өкпеге жасалған томографияда инфекция одан әрі таралып жатқаны көрінген. 28-ші күні науқас көз жұмып, оған «коронавирустың жаңа түрінен туындаған пневмония, тыныс алу жеткіліксіздігі» деген диагноз қойылған. Аутопсия Ухан ауруханасында науқас көз жұмғанан кейін 12 сағаттан соң жүргізілді.

«Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, науқастың тыныс алу жолдары қатты зақымданған, қайтыс болған адамның денесіндегі COVID-2019  паталогиялық процесі SARS атипиялық пневмония және MERS пневмониясына өте ұқсас. Бірақ анатомиялық кесуден кейін фиброз және өкпедегі тыныс алудың қиындауы SARS пневмониясы секілді айтарлықтай ауыр емес», – деп жазылған баяндамада.

Аутопсияны Тунцзи Лю Лян, университеттің сот медицинасы кафедрасының профессоры, 30 жылдық тәжірибесі бар патолог-дәрігер басқарды.


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.