{metadescription}
6 миллиард жылдан кейін Күн қартайып, көлемі үлкейеді

6 миллиард жылдан кейін Күн қартайып, көлемі үлкейеді

Шамамен бес-алты миллиард жылдан кейін, Күн қартайып, көлемі үлкейіп, өз жүйесіндегі барлық астероидтарды жойып жібереді.

Бұл Ұлыбританиядағы Уорик университетінің ғалымдары жасаған тұжырым. Күннің жарығы барлық ұсақ ғарыштық денелерге әсер етеді, олар бір жақ шетінен қызып, жылу сәулесін шығарады және соған байланысты айналады. Аспан шырақтары келесі кезеңіне өткен кезде оның жарықтығы 1000–10000 есе артады. Шамадан тыс қызған ұсақ ғарыштық денелер қатты жылдамдықпен айнала бастайды.

Астероидтар үшін бұл процесс жылдам болады. Плутон сияқты ғаламшарлар аман қалуы мүмкін, бірақ қалған денелер шаңға айналады. Күннің қып-қызыл болып ірілену кезеңіне миллион жылдай уақыт кетеді екен. Содан кейін Күн электронды-ядролық плазмадан тұратын жұлдызға айналады деп болжануда. Сонда Күн Жердің көлеміндей болып кішірейеді дейді ғалымдар. 

Осыған дейін ғарышта астероид табылған екен. Ол Венераға қарағанда Күнге жақын, және күн жүйесін зерттеу тарихында ғалымдар оны бірінші рет анықтап отыр. Ғалымдардың белгісіз жаңа ғаламшар бар екендігін жоққа шығармайды.

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде