{metadescription}
Алмаы облысынан 5 ай жоғалып кеткен азамат табылды

Алмаы облысынан 5 ай жоғалып кеткен азамат табылды

Алматы облысының полицейлері хабарсыз кеткен 27 жасар азаматты тауып, отбасымен табыстырды.

Қаратал ауданының тұрғыны 2019 жылдың қазан айында үйінен шығып, жоғалып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Үштөбе қаласының 57 жастағы тұрғыны 27 жасар ұлының үйден шығып жоғалып кеткені туралы арызданған. Ер азамат психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Тәртіп сақшылары адам жоғалу фактісі бойынша іс қозғап іздеу жұмыстарын бастап кеткен. Іздестіру шараларына еріктілер мен басқа да ана қайғысына бей-жай қарай алмаған азаматтар жұмылдырылды. Тұрғылықты мекені бойынша барлық жер тексеріліп, Үштөбе қаласы маңындағы басқа елді мекендер де қаралды.

Жоғалған адамның белгілері мен суреттері барлық полиция бөлімдеріне таратылды. Алайда іздеу жұмыстары нәтижесіз болды. Бірақ жұмысын тоқтатпаған полицейлер жуырда жоғалған азаматтың ізіне шығып, Талдықорған қаласындағы орталық базардан тапты. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қаратал аудандық полиция бөлімінің капитаны Амандық Асылханов хабарсыз кеткен азаматты Үштөбе қаласына жеткізіп, анасымен қауыштырды. Ұлының аман-есен табылғанына қуанған ана іздеу жұмыстарына атсалысқан азаматтар мен тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.