{metadescription}
Вашингтонда коронавирус эпидемиясына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді

Вашингтонда коронавирус эпидемиясына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді

Вашингтон штатында коронавирустан бір адам көз жұмды.

Барлығы АҚШ-та 71 азамат коронаврус жұқтырған. АҚШ-тың Вашингтон штатында коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Губернатордың кеңесі COVID-19 коронавирусының таралуына байланысты экономиканы сақтау және қалпына келтіруге қажет қажетті ресурстардың тізімін жасады.

Вашингтон шатында кеше коронавирустан бір адам көз жұмған еді. Жаңа іс-шаралар кешенінде қаржылық, экспорттық қолдау, сонымен қатар жұмыс берушілер мен қызметкерлерге көмек көрсету қарастырылған. Ресми деректер бойынша АҚШ-та 71 адам коронавирус жұқтырған және бір адам қайтыс болды.

Жалпы, әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар саны өсіп келеді, соңғы деректер бойынша 86,5 мың адамнан асты. Қытайда дертке шалдыққандар саны 79 824 адам болса, басқа елдерде науқастардың саны 6,7 мың адамға жетті. Қытайдан тыс жерде коронавирустан көз жұмғандар саны бір тәулікте 88-ден 109 адамға жетті: 43 адам Иранда, 29 адам Италияда, 17 адам Оңтүстік Креяда, 11 адам Жапонияда (оның төртеуі Diamond Princess круиз лайнерінің жолаушысы), екі адамнан Гонконг пен Франция, бір адамнан АҚШ, Ұлыбритания, Эквадор, Тайвань мен Филиппинде қайтыс болды.

Ең көп науқас Оңтүстік Кореяда - 3 150 адам, Жапонияда – 947 адам, оның 705-і Diamond Princess лайнерінің жолаушылары және экипаж мүшелері, Италияда - 1 128, Иранда – 593. Қытайдағы вирустың жаңа түрі өткен жылдың желтоқсан айында белгілі болды. Ел билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухань қаласында (Хубэй провинциясы) белгісіз пневмонияның өршуі туралы хабарлады. ДДҰ індетті халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп танып, оған Covid-19 деген ресми атау берді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

30 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.