{metadescription}
Түрмеде жазықсыз 23 жыл отырған адам миллионер атанды

Түрмеде жазықсыз 23 жыл отырған адам миллионер атанды

Американың Канзас штатының жазықсыз тұрғыны қате айып тағылып, 23 жыл түрмеде отырғаннан кейін үлкен өтемақы алып, байып кетті.

1994 жылы 17 жастағы Ламонте Макинтайр екі рет кісі өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, ол 8,5 мыңнан астам күнді темір тордың артында өткізді. 2017 жылдың қазан айында Уайандот округінің соты істі қайта қарап, Макинтайр ақталды.

2019 жылы 43 жасар Ламонте заңсыз сотталғандарға ақшалай өтемақы алуға мүмкіндік беретін қате соттау туралы Заңға сәйкес Канзас штатына қарсы талап арыз берді. 24 ақпанда бас прокурордың кеңсесі іс бойынша шешім қабылдады және Макинтайрға 1,5 миллион доллар төлеуге қаулы етті. Сондай-ақ, оған кінәсіздігі туралы сертификат және 2020 және 2021 жылдардағы медициналық қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік бағдарламаға қатысуға рұқсат берілді. Енді іс материалдары мен ДНҚ туралы ақпарат жойылып, ол өмірді жаңадан бастай алады.

""Канзас штаты менің өмірімнің 23 жылын алып, оның орнына маған ешнәрсе бермеді. Штат менің жастығымды алды. Ол менен отбасыммен өткізуім керек әрбір туған күнімді және Рождествоны алды, тіпті қиын уақытта, олар маған мұқтаж болған кезде, мен олармен бірге бола алмадым", - дейді Ламонте Макинтайр.

Бостандыққа шыққаннан кейін ол дәл осындай жағдайға тап болған адамдарға көмектесетін "Кінәсіздік кереметі" коммерциялық емес ұйымын құрды.

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде