{metadescription}
«Қаржы пирамидасын» жұлдыздар неге жарнамалап жүр?

«Қаржы пирамидасын» жұлдыздар неге жарнамалап жүр?

«Гарант 24 Ломбард» деп аталатын компанияға  еліміздің бірнеше аймағында мыңдаған салымшы ақша құйған.

«Гарант 24 ломбард» аз уақытта салымшыларды көп тарту үшін елге танымал тұлғалардың көмегіне жүгінеді. Бұл пирамиданы жарнамалаған әнші-әртістер енді жаппай елден кешірім сұрап жатыр. Асылхан Төлепов «Біз де сіздер секілді алдандық» деп барша халықтан осындай жарнамаға қатысқаны үшін кешірім сұрады. Белгілі актердің бауыры Артур Төлепов пен достарының сөзіне еріп барған әнші Айқын Төлепберген және вайнер Мейіржан Туребаев та алданғандарын хабарлады. Қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитовтан «Гарант 24» ломбардын жарнамалағаны үшін түсініктеме беруді талап етті.

Ендігі әртістерге сеніп бар ақшасынан, тіпті үйінен айрылған халық қайтпек? Алаяқтарды бұлай тайраңдатып қойған кімдер? Тоқтау салар күш бар ма? Осы сұрақтарға жауап тапқыңыз келсе 3 наурыз сағат 20:00-де КТК арнасындағы «Астарлы ақиқат» бағдарламасынан жіберіп алмаңыздар.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.