{metadescription}
Оқушыларға мектепте ұялы телефон қолдануға тыйым салынуы мүмкін

Оқушыларға мектепте ұялы телефон қолдануға тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда мектептерде смартфондарды, планшеттерді пайдалануға тыйым салмақшы.

Бұл жайында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин мәлімдеді. 

«Білім беру ұйымдарында түрлі гаджеттерді (смартфондарды, планшеттерді және т.б.) пайдалануға тыйым салуды енгізу мүмкіндігі туралы мәселені пысықтау бүгінгі күні осындай шараларды іске асыру үшін құқықтық жағдайлар іс жүзінде бар екенін (8 өңірде кәдімгі кнопкалы телефондар пайдаланылады) көрсетті. Сонымен қатар, білім беру саласындағы қолданыстағы заңнама бойынша білім алушылар мен олардың ата-аналарының смартфондарды пайдалануына тыйым салуды жалпы білім беретін мектептерде оқу орнының ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер, білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережелері және білім беру қызметін көрсету шарттары аясында реттеу жоспарлануда», - деді үкімет басшысы.

Айта кетерлік жайт, Мәжіліс депутаттары үкімет басшысының атына жолдаған сауалдарында ұлттық ақпараттық кеңістіктің үйлесімді дамуын қамтамасыз ету және ақпараттық ортада балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар кешенін іске асыру жөніндегі мәселені жиынның тақырыбына арқау еткен еді. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде