{metadescription}
Арман Оспанов ресейлік файтерді жойқын нокаутқа түсірді

Арман Оспанов ресейлік файтерді жойқын нокаутқа түсірді

Алматыда аралас жекпе-жектен "Absolute Championship Akhmat 105" турнирінде кештің басты жекпе-жегі өтті.

Қазақстандық Арман Оспанов (9-3) Алматыда өткен турнирдегі кездесуде ресейлік қарсыласы Расул Мирзаевты (18-2) нокаутпен жеңді. Қазақстандықтар көптен күткен жекпе-жек Алматыда аралас жекпе-жектен "Absolute Championship Akhmat 105" турнирі аясында өтті. Қазақстандық файтер Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевпен кездесті.

Жартылай жеңіл салмақтағы айқас бес раундқа жоспарланған еді, алайда Оспанов Мирзаевты бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді. Бұл Арман Оспановтың кәсіпқой ММА-дағы оныншы жеңісі, ал Расул Мирзаев үшін карьерасындағы үшінші жеңіліс. ММА-дың басқа файтерлері мен комментаторлар Оспанов пен Мирзаевтың жекпе-жегіне жоғары баға берді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде