{metadescription}
Елордалық полицейлер көлік мінген әйелдерді тоқтатты

Елордалық полицейлер көлік мінген әйелдерді тоқтатты

Полицейлер көлік жүргізуші әйелдерге әкімшілік хаттама толтырудың орнына жақсы тілектерін айтып, қызғалдақ гүлін сыйлады.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері мен волонтерлер жүргізуші қыз-келіншектерді Халықаралық әйелдер мерекесімен ерекше құттықтады. Олар көшеде әйелдерге қызғалдақ гүлін сыйлады. Мереке қарсаңында полицейлер көлік жүргізуші әйелдерге ескерту жасау мен әкімшілік хаттама толтырудың орнына жақсы тілектерін айтып, көктемнің символы – қызғалдақ гүлін сыйлады.

Қолында таяқшалары бар полицейлерді көргеннен, қыз-келіншектер қалай жол жүру ережесін бұзғанын есіне түсіріп сасқалақтап қалатыны бар. Алайда полицейлердің құттықтауын естіп, таңданысын жасыра алмады. Әрбір әйел жүргізуші үшін бұл күтпеген тосын сый болды. Олар таңғалғанымен қатар, алғысында білдіріп жатты.

"Сізді Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз. Жол ережесін сақтап, жолда абай болыңыз", - деп тілек білдірді әйел жүргізушілерді тоқтатқан Әкімшілік полиция басқармасы мамандандырылған батальон командирінің орынбасары Тимур Тұяқбай.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.